📍 ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАДЫ
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл жұмыс сапарымен Қайнар, Сарыбұлақ және Қақпатас ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты.
Жұмыс сапары барысында Қайнар ауылындағы Мәдениет үйі, амбулатория, В.Маяковский атындағы №32 орта мектеп, балабақша және «Хазрет-ли Ибрагим» мешіті араланды. Сонымен қатар Сарыбұлақ ауылындағы Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №31 орта мектеп, «Темірлан» бөбекжайы мен «Сахаба» мешітінің жай-күйі қаралды.
Қақпатас ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Қақпатас ауылындағы Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп және «Қақпатас» мешітінде болды. Сондай-ақ Беріктас ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп пен медициналық пункттің жұмысымен танысты.
Аралау барысында әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасы, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы және ғимараттардың жалпы жағдайы зерделенді. Анықталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, оларды кезең-кезеңімен шешу қажеттігі атап өтілді.