Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және зиянды әдеттердің алдын алу.
Жарысқа әртүрлі жас санатындағы жасөспірімдер қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.
Шара жас ұрпақты спортқа баулуға, бос уақытын тиімді өткізуге және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды.