Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты.
Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Достастыққа мүше барлық елдер көшбасшыларының тікелей қолдауымен және қатысуымен креативті индустриялар мен мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту ТМД-ның күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.