Құрметті Қордай ауданының тұрғындары!

0

Құрметті Қордай ауданының тұрғындары!

Сіздерді 19 маусым күні Қордай ауылының орталық саябағында өтетін ерекше игі шараға шақырамыз!

Сағат 17.00-де Қордай аудандық балаларды оңалту және бейімдеу орталығының ұйымдастыруымен «ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ» атты қолөнер жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жәрмеңкеде ерекше балалардың қолынан шыққан әсем бұйымдар, шығармашылық туындылар көпшілік назарына ұсынылады.

Кеш барысында әсем әндер шырқалып, мәдени-рухани бағдарлама ұйымдастырылады.

Сіздерді осы жүрек жылуына толы шараға келіп, балаларға қолдау көрсетіп, мейірім мен ізгілікті бірге бөлісуге шақырамыз!

Сіздердің қатысуларыңыз – балалар үшін үлкен қуаныш әрі үлкен демеу!

Leave A Reply

Your email address will not be published.