IV «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы (бұдан әрі — Байқау) халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, қамқорлық пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Байқау жыл сайын өткізіледі және номинациялар бойынша лауреат атағын алған Байқау қатысушыларына статуэткалар мен диплом ұсынуды көздейді.
1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ
Қайырымдылық пен белсенді азаматтық бастаманы танымал ету.
2. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
1. Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуын ынталандыру.
2. Өзара көмек көрсетудің ұлттық дәстүрлерінің жаңғыруына ықпал ету.
3. Қоғамдық санада заманауи қайырымдылық жасаушы идеалын қалыптастыру
4. Халықтың қайырымдылық қызметі туралы қоғамның хабардар болуын арттыру.
5. Өскелең ұрпақты қазақстандықтардың ең жақсы қасиеттерін бейнелейтін мінез-құлық нормалары мен қағидаттарына тәрбиелеу.
3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
1. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры;
2. Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы;
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» ЕСК» АҚ;
4. «Хабар» Агенттігі»;
5. «КТК» Республикалық телеарнасы.
4. ҚАТЫСУШЫЛАР
Байқауға белсенді азаматтық ұстанымы, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін тапсырыс жеке немесе заңды тұлғаның атынан ұсыну арқылы жүргізілуі мүмкін.
Байқауға қатысушылар жеке мәліметтері мен қызметі туралы ақпаратты конкурс Ұйымдастырушыларына байқауды Ұйымдастырушылардың қалауы бойынша өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісім мен құқығын береді.
Байқауға орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен байланысты (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және басқалар) жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды.
5. АТҚАРУШЫ КОМИТЕТ
Байқауды ұйымдастырушылар конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Атқарушы комитет құрады, оның құрамы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының, «Хабар» Агенттігінің және «КТК» телеарнасының өкілдерінен тұрады. Атқарушы комитет қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды және қарайды, қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады.
6. КОМИССИЯ
Комиссия көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінен, меценаттардан, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдерінен құрылады.
7. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Байқауды өткізу туралы хабарландыру «Хабар», «КТК» телеарналарының эфирінде және ұйымдастырушылардың корпоративтік әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлердегі өкілдері облыстар мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әкімдіктермен келісе отырып, қатысушыларды іздеу және материалдар жинау үшін жұмыс топтарын құрады.
Әр номинация бойынша 7 (жеті) қатысушыдан аспайтын қатысушыларға арналған материалдарды жұмыс топтары Атқару комитетіне жібереді.
Атқару комитетіне ұсынылған материалдарға қосымша тексеру жүргізеді және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұралады. Атқару комитеті іріктеуінен кейін материалдар комиссия қарауына жіберіледі.
Комиссия Байқау жеңімпаздарын дауыс беру арқылы анықтайды. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Түркістан қаласында кемінде 500 қонаққа арналған салтанатты жағдайда өтеді.
Байқау жеңімпаздарының есімдері республикалық және жергілікті электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар бағдарламалары эфирінде жарияланады.
Байқауға өткен жылдың жеңімпаздары мен ұйымдастырушылардың өкілдері, сондай-ақ ұйымдастырушылардың ведомстволық бағынышты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін тұлғалар қатыса алмайды.
8. НОМИНАЦИЯЛАР
Байқау лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:
1. «Асар» номинациясы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін тұлғаға беріледі.
2. «Туған жер» номинациясы білім беру, экология, көркейту, мәдени объектілерді қалпына келтіру салаларында туған өлкеге көмек көрсететін тұлғаларға беріледі.
3. «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен батылдық көрсеткен номинация лауреатына беріледі. Бұл номинацияда жеңімпаздың қосымша атауы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің арасында белгіленуі мүмкін (төтенше жағдайлар, ІІМ, жедел жәрдем және басқалар).
4. «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты ақысыз көмек көрсеткен лауреатқа беріледі
5. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын ең жақсы қозғағаны, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аудартатын материалдардың жариялануы үшін журналистке және шығармашылық ұжымға беріледі.
6. «Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайларда адамдарды құтқарудағы ерлігі мен батылдығы үшін, қайырымдылық шараларына және еріктілер қозғалысына қатысқан 6 мен 18 жас аралығындағы лауреатқа беріледі.
7. «Жануарға мейірім» номинациясы жануарлар құқықорғаушысы болып табылатын, оларды қамтитын, сонымен қатар жануарлар әлеміне қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттайтын лауреатқа беріледі.
9. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
1. Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті ерікті түрде жүзеге асыру.
2. Көрсетілген көмек пен шешілетін мәселенің өзектілігі.
3. Қамту ауқымы.
4. Мәселелерді шешудің жеделдігі мен қарапайымдылығы.
5. Нақты нәтижеге қол жеткізу.
10. ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1. Қатысушы туралы ұсыныс-хатты жеке немесе заңды тұлға толтырады.
2. Қатысушының өмірбаяны немесе қайырымдылық қызметі туралы қысқаша ақпарат.
3. Қатысушының фотосуреті немесе логотипі (JPEG пішімі).
11. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ
Мерзімі:
1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау (жұмыс тобы) – 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.
2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – 2021 жылдың 1 желтоқсанымен 31 желтоқсан аралығында.
3. Комиссия отырысы. Жеңімпаздарды анықтау (комиссия) – 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін.
4. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 2022 жылдың 26 ақпаны.
Өткізу орны:
1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау – облыстық әкімдіктер мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерінде (келісім бойынша).
2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – Нұрсұлтан Назарбаев Қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.
3. Комиссия отырысы – Нұрсұлтан Назарбаев Қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.
4. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі – Түркістан қаласы.
12. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының міндеттері:
1. Облыстар мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қатысушыларды іздеу және материалдар жинау бойынша жұмыс топтарын құру — 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
2. Жұмыс топтарының қызметін қолдау (қатысушыларды іздеу, қатысушылар туралы материалдар жинау, қатысушы туралы өкілдік хатты толтыруға көмектесу) — 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.
3. Атқару комитетіне материалдарды беру — 2021 жылдың 30 қарашасына дейін.
4. Шымкент, Алматы және Нұр -Сұлтан облыстары мен қалаларында қатысушыларды іздеу және материалдар жинау бойынша жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету — 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
5. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізу (дипломдар мен мүсіншелер жасау, гүл шоқтарын беру, орынның безендірілуі, дыбыстық қондырғылармен қамтамасыз ету, концерттік бағдарлама ұйымдастыру) — 26 ақпан 2022 ж.
6. Марапаттау рәсімі кезінде — Түркістан қаласы бойынша көлік қызметін, фуршеттер мен экскурсиялар ұйымдастыру
7. Марапаттау рәсімі кезіндегі — марапаттау рәсіміне қатысушылардың келуін (облыс орталығынан Түркістанға және кері қайту, күнделікті шығындар мен тұру), кездесу мен шығарып салу және т.б. қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» ЕСК» -нің міндеттері:
1. Байқау жеңімпаздарына ем сауықтыру кешені сертификаттарын (жол құжаттарын) ұсыну — 2022 жылдың 20 ақпанына дейін, 7 дана.
«Хабар» агенттігінің міндеттері:
1. Байқаудың хабарландыру бейнесін айналдыру — 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.
2. Ақпараттық бағдарламаларды ұйымдастыру — Байқау кезеңінде.
Республикалық «КТК» телеарнасының міндеттері:
1. Байқаудың хабарландыру бейнесін айналдыру — 2021 жылдың 20 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.
2. Ақпараттық бағдарламаларды ұйымдастыру — Байқау кезеңінде.
3. Марапаттау рәсімінде эфирге шығару үшін жеңімпаздар туралы бейнероликтер дайындау — 2022 жылдың 20 ақпанына дейін.
«Қайырымдылық керуені»
Республикалық конкурсының
Ережелеріне Қосымша 1
Қатысушы туралы ұсыныс-хат
Қатысушы _______________
Номинация атауы (1-ден артық емес) ____________
Жеке тұлғаның туылған күні/Заңды тұлғаның құрылған күні______
Жеке тұлғаның туылған жері/ Заңды тұлғаның орналасқан жері ______________________
Оқу/жұмыс орны (жеке тұлға үшін) ______________________
Пошталық мекен-жайы (облыс, қала, көше, үй, пәтер) ______________________
Байланысатын тұлға ________________
Ұялы телефон нөмірі________________
Электронды пошта (e-mail) _______________
Күні: ____
«Қайырымдылық керуені»
Республикалық конкурсының
Ережелеріне Қосымша 2
Қатысушының өмірбаяны / қатысушы туралы ақпарат
(жеке тұлғалар үшін) (заңды тұлғалар үшін)
Өмірбаян/қатысушы туралы ақпарат еркін нысанда, оның аты-жөні/атауы, туған/құрылған күні, тұрғылықты жері/орны, жұмыспен қамтылуы, қатысушының наградаларының бар-жоғы және жетістіктері туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып толтырылады.
Осы арқылы қатысушылар Ұйымдастырушыларға жеке деректерді және олардың қызметі туралы ақпаратты Ұйымдастырушылардың қарастыруы бойынша конкурсты өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісім мен құқық береді.
Қайырымдылық қызмет туралы ақпараттық хабарлама
(жұмыс тобымен толтырылады)
Ақпараттық хабарламада қайырымдылық көмек туралы қысқаша анықтама жазылады (кімге, қашан және қандай жағдайда көмек көрсетілді).