«Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандарының зерделеу жұмыстары Отар ауылында жалғасты
«Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандары аудандық полиция бөлімі және Отар ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп, Отар ауылында профилактикалық және зерделеу жұмыстарын жалғастырды.
Бұл жолы іс-шара аясында жас отбасылармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделенді. Мамандар отбасы құндылықтарын нығайту, бала тәрбиесі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелері бойынша тиісті кеңестер берілді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
«Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандарының зерделеу жұмыстары Отар ауылында жалғасты «Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандары аудандық полиция бөлімі және Отар ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп, Отар ауылында профилактикалық және зерделеу жұмыстарын жалғастырды.
Prev Post