Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде тұрған 12 561 644 Қазақстан азаматы енгізілген.

0

Дауыс беруді өткізу үшін Қазақстанда және шетелде 10 427 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

7 тамыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізімінен өздерінің деректерін тексере алады.

Сол күннен бастап дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері де беріле бастайды. Оны 22 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге дейін алуға болады.

Мұндай куәлік сайлау күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын және басқа сайлау учаскесінде дауыс беруді жоспарлаған азаматтарға қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.