Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы ой-тұжырымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді.

0

 

Басылымда 1994 жылғы архивтік материалдардан бастап Мемлекет басшысының кейінгі жылдардағы сөйлеген сөздеріне дейінгі отыз жылдан астам уақытты қамтитын мазмұн жинақталған. Жинаққа Президенттің Қазақстандағы және беделді халықаралық алаңдарда айтқан негізгі тезистері мен маңызды пікірлері енгізілген. Кітап Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру мен қоғамды дамытуға қатысты көзқарастарының қалыптасуы мен сабақтастығын айқын көрсетеді.

Әр жылдары айтылған ой-пікірлер Президенттің жария сөздерінде әділеттілік, заң үстемдігі, жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарының дәйекті түрде көрініс тапқанын айғақтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.