“Менің кіші Отаным”

0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 14 желтоқсанында №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінде “Менің кіші Отаным” атты макеттер байқауы болып өтті. Байқау Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Туған өлке” кіші бағдарламасы аясында қарастырылған “Өлкетану” бағытында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға аудан аумағындағы 50-ге жуық мектеп қатысты.
Байқаудың алдына қойған мақсаты оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру және оларды шығармашылық ізденіске баулу болатын-ды. Жеткіншек шеберлер әртүрлі макеттер құрастырып, өздерінің туған өлкелерінің болашағына қатысты қиялдары мен армандарына сүйене жасаған ғимараттарын қорғауға күш салды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарында өлкені өркендетуге, заманауи талаптарға сәйкес жұмыстар атқаруға қатысты тың идеялар мол болды. Әрбір макет өзіндік терең ойымен, жоғары мән-мақсатымен ерекшеленді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыс соңында үздік шыққан оқушылар лайықты марапаттарға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені №5 орта мектептің оқушылары иеленді. Ал жүлделі І орынды №14 пен №34 орта мектептердің оқушылары, жүлделі ІІ орынды №4,23,28,31,38,45 мектептердің оқушылары, ал жүлделі ІІІ орынды №3,12,13,20,25,27,43,49,50,51 мектептердің оқушылары жеңіп алды.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып ұйымдастырылған маңызды іс-шараға жауапкершілікпен қарап, үлкен белсенділік көрсеткен №4,7,9,10,11,16,17,20,21,22,26,33,36,39,47,48 мектептер аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Елнұр ӘСКЕНҰЛЫ,
№4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.