20 тамызда аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаева өткізді. Сессия жұмысына депутаттардан басқа, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, ауылдық округ әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Депутаттар «Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №56-2 «Қордай ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарастырып, ол туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады. Мәселені жан-жақты талқылап, депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Сонымен қатар, сессияда аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы бекітілді.