Хабарландыру

0

Құрметті «Қалғұты-Алға» шаруа қожалығының мүшелері. Сіздердің «Қалғұты-Алға» шаруа қожалығынан тиесілі жер үлестеріңізбен бөлініп шығу туралы арыздарыңызға /талаптарыңызға/ байланыстьі ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы 2026 жылғы 29 тамызда сағат 10.00-де Алға ауылдық округі әкімінің аппараты орналасқан мекенде өтетінін жария етемін.

«Қалғұты-Алға» шаруа қожалығы мүшелеріне өтініш:

  1. Ауылда жоқ ұжым мүшелерінің қазіргі мезгілде тұрып жатқан мекен жайын білетіндер болса, сол «Қалғұты-Алға» шаруа қожалығына мүше азаматтарын жалпы жиналыстың өтетін уақыты мен мезгілін және орны туралы хабарлар етулеріңізді;
  2. Ұжымның қайтыс болған мүшелерінің мұрагерлеріне жалпы жиналысқа мұра қалдырушының: қайтыс болғандығы туралы куәлік көшірмесін, оған жақындығын растайтын құжаттарды, яғни неке қию туралы күәліктің, баланың туу туралы куәліктің көшірмелерін және мұраны нотариус арқылы кабылдағандығы туралы куәлік көшірмелерін ала келулеріңізді сұраймын.

Сұралып отырған құжаттарсыз марқұм мүшелердің артында қалған мұрагерлері жалпы жиналыста дауыс беруге құқықтары болмайтындығын ескертемін.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 101 бабының 4 бөлігінің талаптарына сәйкес жалпы жиналысты өткізу талабы бойынша ұжым мүшелерінің кемінде 50 (елу) пайызы қатысуы қажет. Ал шешімді қабылдау жалпы жиналысқа қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады.

Н.Молдабеков, «Қалғұты-Алға» ШҚ басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.