ордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 Қақпатас ауылдық кітапханасында қазақтың дауылпаз ақыны, көрнекті қаламгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «От жүректі ақын» атты библиографиялық шолу өткізілді.
🎯Шараның мақсаты – оқырмандарға Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру, ақынның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, өлеңдерін оқуға қызығушылықтарын арттыру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
📚Библиографиялық шолу барысында оқырмандарға Қасым Аманжоловтың өмір жолы, ақындық қалыптасуы мен шығармашылық мұрасы туралы мағлұматтар берілді. Ақынның «Дариға, сол қыз», «Өзім туралы», «Қазақстан», «Ақын өлімі туралы аңыз» секілді танымал шығармаларына шолу жасалып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні түсіндірілді.
🖇️Сонымен қатар кітапхана қорындағы ақынның жыр жинақтары мен ол туралы жарық көрген әдебиеттер таныстырылды. Оқырмандар ақын өлеңдерін оқып, өз ойларын ортаға салды.