Тарихи шешімге 35 жыл толды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Негізгі тақырыптар – ядролық сынақтардың салдарын жою, радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Курчатовта өткен жиынға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Ұлттық ядролық орталық бұған дейін де 35 жылдыққа арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырған.