ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН

0

Мұзбел ауылында тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген мәселесі шешімін тапты. Республикалық маңызы бар автожолдың бойында орналасқан ауылдан жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуі үшін жаңа көпір салынды.

Бұл мәселе ауыл тұрғындарының аудан әкімімен кездесу барысында көтерілген болатын. Тұрғындар бұрыннан пайдаланылып келген жаяу жүргіншілер көпірінің әбден тозып, жарамсыз күйге түскенін айтып, жаңа көпір салу қажеттігін жеткізген еді.

Халықтың өтініші назардан тыс қалмай, аудан әкімінің тапсырмасымен тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде республикалық тасжол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер үшін жаңа әрі қауіпсіз көпір пайдалануға берілді.

Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі. Тұрғындар көтерген мәселе ескеріліп, олардың өтініші қысқа мерзім ішінде нақты іспен шешімін тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.