👥 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Қордай ауданы әкімінің орынбасарының төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес өтті.

0

Жиында аудандағы жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстардың орындалу барысы сараланып, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Кеңесте Қордай ауданы бойынша Мансап орталығының директоры С. Копешов баяндама жасап, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне халықты тұрақты жұмыспен қамту бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, бекітілген межелерді уақытылы орындау міндеттелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.