Қордай аудандық орталық ауруханасына мойын омыртқасы ауыр жарақаттанған науқас әйел түсті.
Қордай аудандық орталық ауруханасы мен облыстық аурухана мамандарының бірлескен жұмысының арқасында заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, күрделі операция сәтті жасалды.
Операцияны нейрохирургтер Нұржан Айтимбетов, Ғалымжан Байгосынов және дәрігер Әли Гасанов жүргізді.
👏 Бұл — Қордай ауданының денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды оқиға. Мұндай деңгейдегі операция алғаш рет тікелей Қордайда жасалды!
Заманауи медициналық құрал-жабдықтар, дәрігерлердің кәсіби біліктілігі және медициналық команданың үйлесімді жұмысы аудан тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Аурухана басшылығына, Э. Апаев бастаған басшылыққа, сондай-ақ медицинаның заманауи бағыттарын белсенді дамытып, медициналық көмектің сапасын арттыруға үлес қосып жүрген барлық медицина мамандарына ерекше алғыс білдіреміз.