Бүгін Ақмола облысының түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Астана қаласы мен көршілес өңірлерден келген қонақтар Қорғалжын ауылына жиналды.

0

Басқосуға себеп болған – екінші рет ұйымдастырылып отырған мәдени-туристік «Flamingo Fest» фестивалі.

Қатысушылар өңірдің мәдениетімен танысып, табиғи мұрасы туралы көбірек білуге және, әрине, аймақтың ең таңғажайып құстарының бірі – қызғылт қоқиқазды тамашалауға келді.

Фестивальдің Қорғалжын жерінде өтуі тегін емес. Қорғалжын өңірі ұлан-ғайыр даласымен және сансыз көлдерімен танымал. Дәл осы жерде әлемдегі қызғылт қоқиқаздың ең солтүстіктегі ұя салатын мекені орналасқан. Әсем де сымбатты бұл құстар өңірдің символдарының біріне айналып, жыл сайын туристерді, фотографтар мен табиғат жанашырларын қызықтырады.

Фестивальдің алғашқы әуенін өнерпаздар бастады. Мерекелік бағдарламаны Атбасар ауданынан келген «Молодость» халықтық ансамблі ашты. Өнер ұжымы «Фламинго» хореографиялық қойылымын ұсынып, би арқылы құстардың жеңілдігі мен әсемдігін жеткізді.

Музыкалық бағдарламаны Қорғалжын ауданынан келген «Нұрлы саз» квартеті жалғастырды.

Алайда «Flamingo Fest» – тек өнерпаздардың өнерін тамашалайтын мереке емес. Фестиваль қонақтары жергілікті шеберлердің өнері мен шығармашылығымен де таныса алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.