Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігін, тұтастығын, заң үстемдігін және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін ең басты құқықтық құжат.
Жаңа Конституция – халықтың еркін білдіретін, демократиялық құндылықтарды нығайтатын және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған маңызды қадам. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға жол ашады.
Еліміздің дамуы мен өркендеуі – әрбір азаматтың заңды құрметтеп, Конституция қағидаттарын сақтауынан басталады. Бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, құқықтық мемлекет құру – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Конституцияны құрметтеу – Отанды құрметтеу!
Жаңа Конституция – жарқын болашақтың кепілі!