МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕСІН МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

0

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабы 2) тармақшасына, 84 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                        31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 — тарауына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына Қордай ауданы, Қарасу ауылдық округінің аумағындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін;
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
  4. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Қордай ауданы әкімінің

міндетін атқарушы                                                   Ж. Бақаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.