2026–2027 жылдардағы тұмау, ЖРВИ және COVID-19 эпидемиялық маусымына байланысты медициналық ұйымдарда алдын алу және инфекциялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
1 қыркүйектен бастап аурушаңдыққа апталық мониторинг жүргізіледі, ал 1 қазаннан бастап бақылау күнделікті режимге көшеді. Медицина қызметкерлері үшін 1 қазаннан бастап маска режимі енгізіледі.
Медициналық ұйымдарда инфекция белгілері бар пациенттерді ерте анықтау үшін «сүзгілер» ұйымдастырылып, дезинфекциялық режим күшейтіледі. Аурушаңдық өскен жағдайда қосымша инфекциялық төсектер ашылып, мобильді бригадалардың жұмысы ұйымдастырылады.
Тұмаудың алдын алуда вакцинацияға да ерекше мән беріліп отыр. 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізу жоспарланған.
Эпидемиялық маусымдағы негізгі міндет – инфекцияның таралуын болдырмау, пациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігін сақтау және асқынулардың алдын алу.