“SHANYRAQ” КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Сортөбе ауылдық округінің мешіт имамдарынан құралған Т-08-26 тобының тыңдаушыларының қатысуымен «Абайды оқы, таңырқа…» атты әдеби-сазды кешөтті.

Іс-шараның мақсаты ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау. Ақынның өлеңдері, қара сөздері мен әндері арқылы тыңдаушылардың рухани дүниесін байыту, білімге, ғылымға, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет берілді. Тыңдаушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды және Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылды. Тыңдаушылардың Абай шығармашылығы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл іс — талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы ойларын ортаға салды.
Қорыта келе, Абай мұрасы — халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздері адамды білімге, ғылымға, еңбекке, ізгілікке үндейді. Абайды оқу — ақынның шығармашылығын тану ғана емес, өзіңді тануға, ойлануға және кемелдікке ұмтылуға жол ашады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.