14 қазан, Орал қаласы. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, «Жаңа қоғамдық этика:

0

мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форумға қатысты. Бұл – Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында конституциялық органның өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы. Диалог алаңында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты.
Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысушыларына арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент республикалық форумының ашылуымен құттықтап, Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан алқалы жиын ұлттық тәрбие мен қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейтін маңызды іс-шара екенін атап өтті.
«Конституция – еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын қастерлі құжат әрі халқымыздың жаңа дәуірдегі болмыс-бітімін айқындайтын темірқазық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.