Тараз қаласында креативті индустрияларды дамытуға

0

шығармашылық әлеует пен заманауи технологияларды ұштастыруға арналған «Taraz Creative Industries 2026» халықаралық форумы басталды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бес күндік форум креативті экономика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа бастамаларды қолдауға бағытталған.

Халықаралық форумға IT, кино, сән, дизайн, өнер, жастар бастамалары және креативті кәсіпкерлік салаларының өкілдері жиналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шығармашылық пен инновацияны ұштастыратын идеяларды қолдау, креативті индустриялардың даму мүмкіндіктерін айқындау және жаңа жобаларды ілгерілету.

Форумның ресми ашылу рәсімі мен пленарлық сессияларына қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен салалық сарапшылар қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеқұттықтауында халықаралық жиынның жұмысына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.