ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ РЕСМИ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

0

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Айдос Сәкенұлы Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қордай ауданына келді.
Сапар барысында делегация өңірдегі биофармацевтика саласының дамуымен, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Жұмыс сапары аясында Қаржы вице-министрі Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтің қатысуымен Гвардейск кентінде орналасқан «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының қызметін аралап көрді. Кездесу барысында қонақтарға зауыттың өндірістік мүмкіндіктері, иммунобиологиялық препараттарды өндіру үдерісі және кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.