Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы – еліміздің технологиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама жаңа технологияларды өмірдің барлық саласына кеңінен енгізуге, цифрлық трансформацияны жеделдетуге, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.
Бүгінгі таңда жаһандық өзгерістерге бейімделіп, заманауи білім мен озық технологияларды меңгеру – уақыт талабы. Әсіресе, еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби білімі терең, жаңа технологияларды еркін меңгерген мамандарды даярлау ісіне айрықша мән берілуде.