«Аяла» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Береке колледжінің студенттері арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге және жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-тәрбиелік кездесу өтті.
Кездесу барысында отбасының қоғамдағы маңызы, өзара сыйластық пен сенім, сондай-ақ болашаққа саналы қадам жасаудың маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара жастардың отбасылық құндылықтарды түсінуіне және жауапкершілікті сезінуіне ықпал етті.