«Ел болып оқимыз» жобасы аясында Цемзауыт ауылдық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбыл есімі мәңгілік» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға №3 Абай орта мектебінің 10-сынып оқушылары қатысып, қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, шығармаларының мәні мен маңызына назар аударылды. Сонымен қатар Жамбыл Жабаевтың шығармаларына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағыт берілді.