ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Сәрсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында кезекті бюро отырысы болып өтті. Оған партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев төрағалық етіп, жиынға бюро мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кезекті жиынның күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Атап айтсақ, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты жетекшісінің «Жастар-Отанға» партиялық жобасы мен Жол картасының орындалуы туралы есебі тыңдалды. Аталмыш мәселе бойынша партия филиалы жанындағы жастар қанатының жетекшісі Мадияр Қарабаевқа сөз беріліп, ол осы бойынша атқарылған жұмыстарын кеңінен баяндады. Баяндамашы көп саланы қамтыған аталмыш бағдарлама бойынша біршама жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, Жол картасы бойынша белгіленген индикаторларға тоқталып өтті. Баяндамадан соң бюро мүшелері тарапынан көптеген сұрақтар туындап, жауаптар алынды. Сонымен қатар, бюро мүшелері жастар қанатының жетекшісіне біршама ұсыныстар айтып, жол картасы аясында жұмыстарды бірлесе атқару, жұмыссыз жастар мәселесіне назар аудару, еріктілер қызметін жандандыру қажеттігін айтты. Осыдан кейін, тиісті шешім жобасына біршама өзгерістер енгізіліп, қаулы жобасы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.