БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫ – ЕЛ МҮДДЕСІ

0

Таяуда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков төрағалық етті. Отырысқа кеңес мүшелері, аудан әкімдігінің жауапты бөлім басшылары және сала өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджеттік жоспарлау жұмыстарының нәтижелеріне және ауылдық елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты маңызды тақырыптар енгізілді. Атап айтқанда, аудан бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытындағы жұмыстардың нәтижелері, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан шаралар және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.