Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады  

0

Құрылтай депутаты Айдос Сарым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша үндеу жасады. Ол құжатта қамтылған маңызды бастамалар мен нақты мақсат-міндеттер қоғам тарапынан үлкен қолдау тапқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – жаңа жоспарларымыз бен іс-қимылымыздың доктринасы. Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр, – деді депутат.

Сөзін қорытындылай келе, Айдос Сарым Құрылтай Президент айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарламасын толық қолдайтынын, оны заңнамалық тұрғыда ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.