Биыл жалпы құны шамамен 1,7 трлн теңге болатын 200-ге жуық жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланды — Нұрлыбек Нәлібаев

0

📌Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 8,6%-ға өсіп, өндіріс көлемі 24,2 трлн теңгеге жуықтады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатта ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев.

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%-дан асты. Машина жасау саласында өсім 22,8%-ды, химия өнеркәсібінде 23,4%-ды, тамақ өнімдерін өндіруде 13,8%-ды, фармацевтикада 31%-ды құрады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл экономика құрылымының біртіндеп шикізат өндіруден оны өңдеуге қарай өзгеріп жатқанын көрсететінін айтты.

«Ендігі міндет – осы үрдісті одан әрі нығайту. Биыл жалпы құны шамамен 1,7 трлн теңге болатын 200-ге жуық жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланды. Саладағы басты бағдар – импортқа тәуелді болмай, өзіміздің өндірістік мүмкіндіктерімізге сүйену. Мемлекеттік қолдау ел экономикасына барынша жоғары оң әсер беретін жобаларға көрсетіледі»,

Leave A Reply

Your email address will not be published.