КҮНДІЗГІ РЕЙД – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ

0

Қордай ауданының Қаракемер ауылдық округінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күндізгі рейдтік іс-шара өткізілді.

Аудан аумағында «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдке мобильді топ мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер жиі баратын орындар тексерілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылық пен кемшілік анықталған жоқ.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет!

Leave A Reply

Your email address will not be published.