«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»

0

Қордай аудандық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Лугмар Буларовтың аудан тұрғындары және жастармен мазмұнды кездесуі өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында көтерілген маңызды бастамаларды кеңінен түсіндіру, ел дамуының басым бағыттарын талқылау және халықтың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асу. Кездесу барысында Лугмар Харкиевич Президент Жолдауында айқындалған міндеттер мен бастамалардың мән-маңызына тоқталып, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.