Облыстық мәслихат депутаттығына №12 бірмандаттық сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан кандидат САРСЕМБАЕВ ТАЛҒАТ АХМЕТБЕКҰЛЫ
Өмірбаян
Сарсембаев Талғат Ахметбекұлы 1970 жылы 20 мамырда Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Тасқайнар ауылында дүниеге келген.
1976-1986 жылдары Тасқайнар ауылының орта мектебінде білім алған.
1997-2001 жылдары Қырғыз мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. 1995-2005 жылдары — жеке кәсіпкер.
2005 жылдан бастап «Ақтасты» шаруа қожалығының басшысы, 2017 жылдан бастап «Қордай Жем» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің («Қордай Жем» ӘКК) төрағасы. 2021 жылы Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Осыған дейін облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымы депутаты болған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп өсірген.
Сайлауалды бағдарламасы
- Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам
Жергілікті билік пен халық арасындағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету. Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және бюрократиялық кедергілерді жою. Бюджет қаражатының ауылдық елді мекендерге әділ бөлінуін бақылау.
- Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар – тұрақтылық негізі
Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің дер кезінде жетуін қамтамасыз ету.
Делдалдарды азайту арқылы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Сүт, ет және жем-шөп өндіретін кооперативтерді қолдау.
- Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамыту кілті
Ауылдарды сапалы ауызсумен, үздіксіз электр қуатымен және табиғи газбен толық қамтамасыз ету. Ауылішілік және ауданаралық жолдарды жөндеу, заманауи көлік қатынасын жолға қою.
Ауыл шаруашылығы жерлерін суармалы сумен қамту үшін арық-каналдарды реконструкциялау.
- Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі
Ауылдық жерлерде заманауи дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер ашу.
Мүгедектігі бар жандарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек пен қолдауды күшейту.
Жастарға арналған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының тиімділігін арттыру және тұрғын үймен қамту.
- Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол
Ауыл мектептерін заманауи компьютерлік және зертханалық құралдармен жабдықтау.
Білікті педагог мамандарды ауылға тарту және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Агроөнеркәсіп саласына жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізуді қолдау.
- Дәстүрлі отбасы саясаты – мемлекет іргетасы
Отбасылық құндылықтарды ұлықтау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау.
Ана мен баланы қорғау, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін тегін спорттық және шығармашылық үйірмелер ашу.
Ауыл жастарын еңбекке, отаншылдыққа және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Экология – тұрақты даму кепілі
Жасыл аймақтарды дамыту және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағыттында: саябақтар мен гүлзарлар құру, көгалдандыру, жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау және абаттандыру іс-шараларын іске асыру.
Менің бағдарламам — өңірді дамытуға бағытталған нақты қадам.
ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ – ГҮЛДЕНЕДІ ЕЛІМІЗ!