«Ауыл» партиясынан №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ИДЫБО АЙША ЛЮШИРОВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Идыбо Айша Люшировна «Ауыл» партиясынан Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурасын ұсынып отыр. Ол депутаттық мандаттың аудан тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілік екенін терең түсінеді. Өмірлік тәжірибесі мен кәсіби біліктілігіне сүйене отырып, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосуды мақсат етеді.
Аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, Идыбо Айша Люшировна мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындар мен ауылдық елді мекендердің өзекті мәселелерін жергілікті атқарушы органдарға жеткізуге және оларды шешудің нақты жолдарын іздестіруге ықпал етуді көздейді.
Халықпен тұрақты байланысты қамтамасыз ету мақсатында кандидат ай сайын ауылдық округтерді аралап, азаматтарды жеке қабылдауды және оларды толғандырған мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланып, тұрғындардың сауалдарына жауаптар беріліп отырады.
«Ауыл» партиясының басты мақсаты – ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығын қолдау.
Қазақстан халқының шамамен 40 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Елімізде 6 250-ге жуық ауыл бар. Бүгінде мемлекет ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді: мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандар жөнделіп, инфрақұрылым жаңартылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарда «Ауыл» партиясының бастамалары мен қызметі маңызды рөл атқарады.
Өз қызметінде кандидат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттары мен басым бағыттарын басшылыққа алуды көздейді.
Аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, Идыбо Айша Люшировна алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- Ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Қолданыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және жаңадан кәсіп ашуға жәрдемдесу, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға қолайлы жағдай жасау.
- Ауыл кәсіпкерлігін дамыту. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету және жастарды ауыл өмірі мен еңбек қызметіне тарту.
- Жас мамандарды тарту. Ауыл мектептері мен медициналық мекемелерді білікті жас мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал ету.
- Ауыл шаруашылығын қолдау. Фермерлік шаруашылықтарды қолдау, аграрлық секторға қаржы тартуға және субсидиялар бөлуге жәрдемдесу арқылы ауыл экономикасын дамыту.
- Спорт инфрақұрылымын дамыту. Масаншы ауылында спорт кешенін салу мәселесін көтеру.
- Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту. Масаншы ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселесін зерделеу және оны шешу жолдарын іздестіруге ықпал ету.
Өз елінің шынайы патриоты ретінде кандидат қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруды, оның деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдауды, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуды маңызды деп санайды.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Идыбо Айша Люшировна сайлауға Масаншы ауылдық округі тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын кезең-кезеңімен арттыру мақсатымен қатысып отыр.
Ол бірлескен күш-жігердің арқасында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, ауылдың дамуына қолайлы жағдай жасауға және қуатты мемлекет құруға өз үлесін қосуға болатынына сенімді.