ТАЗА СУ — АУЫЛҒА ТАРТУ

0

Қордай ауданына қарасты, Қарасай батыр ауылында ауыз су құбыры желілерінің ашылу салтанаты өтті.
Қарасай батыр ауылында тұрғындар көптен күткен маңызды жаңалықтың бірі жүзеге асып, жаңа ауыз су құбыры желілерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, елді мекеннің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған игі бастама ауыл халқы үшін ерекше қуанышқа айналды. Салтанатты шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Құттықов, аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.