I шақырылымдағы Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылады. Ол жастар бастамаларын біріктіруге, оларды жүйелі түрде ілгерілетуге және Құрылтаймен тікелей өзара іс-қимыл орнатуға арналған тұрақты диалог алаңына айналады.
Кеңестің басты миссиясы – белсенді, бастамашыл және жасампаз жастарды біріктіру, олардың елдің қоғамдық өміріне етене араласуына жағдай жасау және жас ұрпақты ел дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге тарту.
Кеңес құрамына Құрылтай депутаттарын, жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің өкілдерін, өңірлердегі белсенділерді, сондай-ақ түрлі кәсіби саладағы жас мамандарды енгізу ұсынылып отыр.
Өңірлердің кеңінен өкілдік етуіне ерекше назар аудару көзделген. Шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі және шалғай аудандардағы жастардың үні ірі қалалар жастарының бастамаларымен қатар