Сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті. Мұны жеке басым Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы батыл қадам деп білемін. Мемлекет басшысының Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында билік пен халықтың ара қатынасын одан әрі жақындатудың жаңа форматы осы жалпыхалықтық референдум болмақ. Әрине, бұл бастаманың халықтың пікірімен санаса отырып жүзеге асырылатыны анық. Өйткені, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулердің өзі халықтың жағдайына қарай негізделген. Сондықтан да Мемлекет басшысының Ата заңымызға референдум арқылы өзгерістер енгізу керек деген ұйғарымын толық қолдаймын. Ел болып Жаңа Қазақстанды құрудағы Президентіміздің бастамасына қолдау көрсетейік ағайын.
Т.СҮГІРБАЙ,
Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы
ЌАРЌЫНДЫ ДАМУДЫЅ КЕПІЛІ
Президентіміздің Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу жөніндегі ұсынысын еліміздің жаңа қырынан дамуына ашылған баспалдақ деп білемін. Мемлекеттік маңызы бар құжатқа өзгеріс енгізудің өзі біліктілік пен батылдықты талап етеді. Ата Заңға енгізілетін толықтырулар Жаңа Қазақстанды құруға ықпал етіп қана қоймай, қарапайым халық пен биліктің арасындағы алтын көпірі болар сөзсіз.
Өз алдына бұл бастама Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іске асуының бір көрінісі болып отыр. Сондықтан, бұл өзгерістер бүгінде халық арасында үлкен қолдауға ие болып отыр.
А.ШУПТА,
Қордай ауданының Құрметті азаматы
МАЅЫЗЫ МОЛ САЯСИ ЌАДАМ
Бүгінде қалың көпшілік арасындағы талқылауға түскен тақырыптардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысы болды. Аз ғана уақыттың ішінде бұл бастамаға халық белсене үн қосып, олардың басым көпшілігі қолдау білдіріп отыр. Өзгертулердің әр тармағы халықтың игілі мен елдің өркендеуіне негізделген. «Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады», — деп Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл халықтың мемлекет тарапынан көптен күткен саяси қадамы болды.
Б.ӘЛІМБЕТ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
ЕЛ БІРЛІГІ — ЖАЅАРЄАН ЌАЗАЌСТАН ТІРЕГІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын. Ел Президентінің ұсынысын толықтай қолдаймын және барша азаматтарды қолдауға шақырамын. Мемлекетіміздің саяси жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатқаны баршамызға белгілі. Яғни, заман ағымына қарай әлемдік жүйеге бет бұрып келеміз. Бұл ретте Президент Жаңа Қазақстан құру қағидасын енгізді, бүгінде бұл талабы іс жүзінде атқарылып жатыр. Ендігі кезекте Ата Заңымыздың кейбір тармақтарына өзгертулер енгізу болды. «Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз», деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында. Бұл дегеніміз Президенттіміз елміздің әрбір азаматына туған елі мен жерінің алдағы болашағы үшін өзіндік пікірін білдіруге мүмкіндік беріп отыр.
Б.ҚАРАМОЛДАЕВА,
аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ
Prev Post
Next Post