Судағы қауіпсіздік

0

Су айдын түріне және шомылу орнына қарай әр адам судағы жүріс-тұрыс ережелері мен қауіпсіздік шараларын білуі және бұлжытпай орындауға тиіс. Суға таңертең немесе кешке, яғни күн жылынып тұрғанда, қызып кету қауіпсіздігі болмаған кезде түскен дұрыс. Судың температурасы 18-19 градустан төмен болмау керек, ал ауа температурасы 20-25 градус. Суда шомылу ұзақтығы ауа мен судың температурасына, ауа ылғалдылығы мен желдің күшіне байланысты. Суда шомылуға ең қолайлысы — ашық самалсыз ауа райы, ауа температурасы 25 градус және одан жоғары.
Ең қолайлы суға шомылу режимдері:
— судың температурасы 18 градус кезінде — 6-8 минут,
— судың температурасы 20 градус кезінде — 10-12 минут,
— судың температурасы 20 градустан жоғары -15-20 минут.
Адам суда ұзақ шомылып, тоңған кезінде сіңір тартылуы мүмкін. Аяқ астынан қысқарту бұлшық еті, қатты ауруы сіңір тарту дейді. Суда ұзақ жүзіп жүрген кезде пайда болып, көптеген жағдайларда қайғылы оқиғалардың себебіне айналады. Балтырдың бұлшық еттерін сіңір тартқан кезде аяқпен қимылдауға мүмкіндік болмай қалады. Бұл кезде ауаны көп жұтып, тік тұрып суға басыңызды батырып, аяғыңызды түзеп тартыңыз, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз. зақымдалған бұлшық еттерді уқалаған кезде шипалы әсері тиеді. Санның алдыңғы жағының бұлшық еттерін сіңір тартқан кезде аяғыңызды тізеңізде мүмкіндігіңізше бүгіп, санның артқы жағына қолыңызбен тартыңыз (қысу). Іштің бұлшық еттерін сіңір тартқан кезде, оны аяғыңызды тізеңізде бүгіп, ішіңізге қарай тартыңыз. Қолыңыздың бұлшық еттерін сіңір тартқан кезінде саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз. Есіңізде болсын, тартылған бұлшық еттермен жұмыс жасасаңыз сіңірдің тартылуы тезірек кетеді. Сіңір тартуды кетіріп, жағаға қарай жүзу керек, демек ол бұлшық етті қайта алып кетуі мүмкін. Егерде аяғыңыздың сіңірі тартылып, оны кетіре алмасаңыз, онда арқаңызға жатыңыз, қолымен жұмыс істеп, жағаға қарай жүзіңіз. Қолыңыз зақымдалған жағдайда аяғыңызбен жұмыс істеңіз. Ең бастысы, ұшыраған жағдайдан шығу үшін барлық күшіңізді жұмылдырып, қорқыныш пен үрейге орын бермеу.
Өз мүмкіндігіңізге қараңыз: судағы шектен тыс батырлық пен ойын жақсылыққа әкелмейді.

А.ӘБІШ,
Қордай аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.