Киберщит (киберқалқан) – ақпарат қауіпсіздігі немесе қиберқауіпсіздік деп аталады, яғни электронды ақпараттық ресурстардың, әртүрлі ақпарат жүйесінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы немесе ішкі қкиберқауіптерден қорғайтын қауіпсіздік. Сол себепті киберщиттің мақсаты – кез келген электронды ақпараттың қауіпсіздігін сақтау.
Киберқылмыстың өсуі қазіргі заманның өзекті мәселесі болып отыр. Ол тіпті қауіпсіздікке қауіп төндірумен қатар, мемлекет мүддесіне тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін. Осындай және өзге де қауіпті құбылыстардың алдын алу үшін республика киберқылмыспен күрес жөніндегі бағдарламаның тұжырымдамасын қабылдаған болатын.
Ол интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады, соның ішінде әртүрлі алаяқтар мен түрлі кибершабуылдардан, жеке деректердің жария болып кетпеуінен қорғай алады. Сондай-ақ, қабылданған тұжырым халықты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелерімен хабардар етуді, ақпараттық қауіпсіздікті басқаруға қабілетті жоғары технологиялық мемлекеттік жүйені құру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше немесе соғыс жағдайыларын енгізудің алдын алу және жедел ден қою мәселелерін қарастырады.
Қазақстанда киберщит 2016 жылы әлеуметтік желіде адам өміріне қауіп төндіретін интернет ойынның пайда болуынан кейін қолға алынды. 2017 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік сертификатын қамтитын «Қазақстанның киберқауіпсіздігі» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатын отандық мамандар әзірлегенін, шетелдіктердің бұл іске тартылмағанын айтты.
Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған «Қазақстан-2050» стратегиясы ескеріле отырып, Қазақстан президентінің Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес киберқалқан тұжырымы әзірленді. Ол жайлы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылдың 30 маусымдағы № 407 қаулысында айтылды, яғни, Қазақстандағы киберқалқан заңы қабылданды. Тұжырымдама мемлекеттік мекемелерді ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, «цифрлы» экономиканы дамыту және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту дамыту жолдары, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету аясын кеңейту саласындағы жағдайды бағалауға негізделген.
Ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер жайлы хабарлауды 2022 жылы жиырма пайызға арттыру көзделген. Сондай-ақ, едегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар санына да көңіл бөлінген. Демек, 2018 жылы 300 маман қайта даярланып шықса, биыл оның санын сегіз жүз адамға жеткізу тиіс. KZ және .ҚАЗ домені бар интернет-ресурстарының шифрланған деректерін 2020 жылы 60%-ға жеткізіп, 2022 жылы жүз пайызға жеткізу көзделген.
АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Prev Post
Next Post