ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

0

• Өртті сумен өшіру тиімсіз. Ең дұрысы, өрт сөндіргішті пайдалану, ал ол жоқ болған жағдайда:
• Сүлгімен, көрпемен
• Құммен өшіру керек
• Егер өрт бір бөлмеде басталса, онда басқа бөлмелерге және саты алаңына тарап кетпеуі үшін есігін мықтап жауып қою керек.
• Өртті өшіруге шамаңыз кемегендігін байқасаңыздар, ол жерден тезірек кетіңіздер.
• Өрт кезінде лифтіні пайдалануға тыйым салынады, өйткені оны кез-келген уақытта тоқтатып қояды.
• Егер өрт пәтерде шықса, ең қауіпсіз орын-балкон немесе терезенің алды. Балконның терезесін сақтықпен ашыңыз, кіріп келген таза ауадан жалын күшейіп кетуі мүмкін.
• Өз бетіңізше шығу мүмкін болмаған жағдайда, көмек келгенге дейін сумен ылғалдандырылған қол орамалымен немесе киім жеңімен мұрындарыңызды және ауыздарыңызды жабыңыздар.
• Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.

Білу маңызды.
Отты өршіте түсетін нәрселер:
• Перделер
• Киім
• Кілем жабындары
• Жиһаз, пластик қаптамалар
• Өрт және жарылыс қаупі бар заттар

Мына жағдайларда жұт белең алады:
• Өрт хабарлағыш жоқ болса немесе істен шықса
• Эвакуациялық көшіру жолдары болмаса немесе оларға заттар қойылып тасталса
• Өрт сөндірушілер дер кезінде шақырылмаса
• Терезе торларын ашу мүмкін болмаса

Білу маңызды.

Жану кезінде улы газдар бөлінеді: көгертетін қышқыл, фосген және тағы да басқалары, ауадағы оттегінің құрамы азаяды. Яғни, от қаншалықты қауіпті болса, түтін мен күйік иісі де соншалықты қауіпті. Жану өнімдерінің қосылымы (концентрация) артқан жағдайда адам ағзасына қалай әсер ететінін білген жөн:
Тұншықтырғыш газдан:
0,01% — аздап бас ауырады;
0,05% — бас айналады;
0,1% — талып қалады;
0,2% — кома (терең ұйқыға ұқсас ессіз күй), жедел өлім;
Көмірқышқыл газдан:
0,05%-ға дейін – әсер етпейді;
0,05%-дан 7%-ға дейін — жүрек соғысының жиілеуі, тыныс алу жолдарының әлсіреуінің басталуы;
10%-дан жоғары – тыныс алу жолдарының әлсіреуі, өлім.

Өрт немесе жану оқиғасы болған кезде тез арада телафон арқылы
101-ге немесе 4-20-15 хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау-Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!

Қуаныш ТАСТЫБАЕВ
Қордай аудандық ТЖ бөлімінің аға анықтаушысы.

Мекемтас РУСЛАН
Қордай ауылы №15 өрт сөндіру бөлімінің
қарауыл бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.