Сыбайлас жемқорлық
лауазымды тұлғаның жеке
басының пайдасы мақсатында
заң мен өзінің билік өкілеттігін
және оған сеніп тапсырылған құқықтарды
моральдық қағидаларға қарама қайшы пайдалануын білдіретін термин.
Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды тұлға әрекеттері мен жұмыс
берушінің мүдделері арасындағы тартыс немесе белгілі адам мен қоғам
арасындағы тартыс. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды
тұлғаның алаяқтығына ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы қылмыстардың
санатына жатқызылады.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі.
Ең бастысы адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді.
Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күресті басты мақсат етіп отыр.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды ұйымдастырудың маңыздылығы өте зор. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Біз жемқорлыққа қатысты қылмыстардың алдын алу шараларын бұрын да тұрақты жүргізіп келгенбіз. Жалпы, қоғамдағы қауіпті құбылыс сыбайлас жемқорлықпен күресті науқаншылдыққа айналдырмасақ қана жеңіске жететініміз сөзсіз.
Д.БАЙМАКУЛОВ