Жамбыл облысының полиция департаменті Қордай ауданының полиция бөлімінің мәліметтері бойынша жол көлік оқиғаларына жасалған талдау барысында ағымдағы жылдың алғашқы тоқсандарына шаруа қожалық малдарының қатысуымен бірнеше жол көлік оқиғалары орын алған.
Ал, 2021 жылдың 12 айында жол көлік оқиғаларының саны +75,9% (83-116) өскен, онда қаза болғандар саны 25,9% (27-34) өскен, ал жарақат алғандар саны +122,4% немесе (116-258) өскен.
Осыған орай жеке меншік иелерімен және фермерлік шаруашылықтардың басшыларымен Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылдың 16 наурыздағы №3-8 «Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына» жалпы Ережелерінде көрсетілгендей көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Жауапкершілікпен қарап, заңда көрсетілген талаптарды орындау әр Қазақстан азаматының міндеті болып табылатындығын ескертеміз.
Ауыл тұрғындарын жеке малдарыңызға жауапкершілікпен қарап, автомобиль жолдары аумағына қараусыз жібермеуге, жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз. Қараусыз жатқан малдардың жолға шығып кету кесірінен қаншама бейкүнә жандар жол апатынан қаза болуда. Мал иесінің жауапкершілігі өте жоғары деңгейде болуы керек, өйткені мал иесі толық жауап береді.
Б. САДЫРБАЕВ,
Қордай ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы