Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жастар арасында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері және оларды бұзған жағдайда орын алатын салдары жөнінде түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Жаз айларында күннің ыстығында суға, соның ішінде шағын тоғандар мен өзен-көлдерге түсетіндердің саны артатыны белгілі. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Өйткені су айдындары суға шомылатын орындарының талаптарына сәйкес келмейді. Осыған орай, арнайы құрылған топ мүшелерімен су айдындарын аралап, жергілікті тұрғындар мен балаларға арнайы ақпараттық жадынамалар таратып, мұндай орындарда шомылуға болмайтындығын тағы бір мәрте ескертті.
ТИЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРДЕ ШОМЫЛМАҢЫЗ!
Prev Post
Next Post