ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

0

Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру үшін барқатар жұмыстар қолға алынуда. Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанымен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей болып келеді. Ол — балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсатта «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қордай ауылындағы «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде, жасөспірімдер арасында спорттық ойындар өткізілді. Ойын жеңімпаздары орталық атынан дайындалған диплом және алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.