Жылу мен жарық көзін беретін сіріңке адамдардың тұрмысында қолданылатын жай зат. Бірақ, барлық адамдар оларды дұрыс қолдана алмайды. Балалар сіріңкені алғаш рет қолына алған кезде оның не екенін білмейді. Ата-анасы сіріңкені «Балалардың қолдары жетпейтін орындарда сақтау» ережелерін бұзып, бала қолындағы жағылған сіріңке қандай қауіпке әкелуі мүмкін екендігіне мән бере бермейді.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Естеріңізде сақтаңыздар, балалардың психологиялық қорғану реакциялары жоқ. Олар отпен ойнаудың зиянын біле қоймайды. Өрт кезінде бөлмеден шыға алмайды. Шет жерлерде және бөлмелердің бұрыштарында тығылады. Балаларға отпен ойнау өте қауіпті екенін түсіндіріңіздер.
Сіріңке ойнауға арналмаған. Ол өмір қағидасы. Бәріміз осы қағиданы балаларымызға жеткізейік.
Қ.ТАСТЫБАЕВ,
Қордай ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты