Жемшөп жинау орнындағы қауіпсіздік

0

Бүгінгі күні шөп жинау және күрделі жемшөп дайындау бойынша жұмыстар қызу жүруде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, көп санды ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпті жағдайды тудыруда. Малға күрделі жемшөп жинау үшін тек ауыл тұрғындары емес,сонымен бірге көптеген адамдар жаз және күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Көп күндер бойы атқарған жұмысың тез уақытта отпен жойылып кеткені әрине, қайғылы.

Өрт жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар маңызды қауіпті төндіреді. Дала және жемшөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі.
Сонымен, ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Жуалы ауданы, Көлтоған ауылы, Жамбыл көшесі мекен-жайындағы үйдің шөпханасының өртену оқиғасы тіркелді. Өрттен 3000 түк жойылды.
Өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
Жол берілмейді:
1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.
Ірі жемшөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Ірі жемшөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
Астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (комбайндардың барлық типтерi – екi өрт сөндiргiшпен, екi iстiк күрекпен және екi сыпырғышпен, тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр iстiк күрекпен), дұрыс ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталады және қоректендiру, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.
Масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiржолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.
Егер Сіз, өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Құрметті азаматтар!
Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер!

Қанат ИМАНҚҰЛОВ,
Қордай аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.