ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

0

Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету – басты мәселелердің бірі. Осыған орай екі қолға бір күрек таппаған азаматтарды жұмыспенқамту мақсатында тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесіұйымдастырылып тұрады.

Өткен жұмадаҚордай аудандық білім бөлімі жәнеҚордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспенқамту орталығы бірлесіп жұмыссыз азаматтарғаарналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесінөткізді. Бұл күні жұмысқа мұқтаж тұрғындардың саны да әдеттегіден көп болды. Олардыңқатарында алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметіесебінде тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар болды.
Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 32 мекемеден түскен 125 тұрақты жұмысорындары ұсынылды. Оның ішінде білім, денсаулық, экономика, заң салалары бойынша жәнеәртүрлі жұмыстар болды.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 3 кәсіпорын және мектеп өкілдеріқатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 50-ден астам азаматтың ішінен 9 азамат тұрақты жұмысқа және 21 азамат сұхбаттасуға жолданды. Сонымен қатар, жұмыспенқамту орталығының мамандары бос жұмыс орындары бойынша толыққанды мәліметтер беріп, тұрғындарөздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Айта кетейік, аудан халқын лайықты еңбекпенқамтуға ықпал ету, қолдау көрсетуге бағытталған жәрмеңке осы жылдың наурыз айынан бері ай сайын өткізіліп келеді. Және бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.