ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ыстық ауа райында көшеде ұзақ уақыт болу денсаулыққа, соның ішінде ыстық және күннің өтуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді, сондықтан әрдайым сақтық шараларын сақтау қажет.
Ыстық өту жоғары температура мен ылғалдылықтағы бөлмеде, қатты, нашар желдетілетін бөлмелерде қарқынды физикалық жұмыс нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Күн өту күн астында физикалық жұмыс жасау кезінде, демалыста күн сәулесінің астында тым ұзақ болу салдарынан пайда болады. Күннің өтуі — қарқынды күн сәулесінің қорғалмаған адамның басына тікелей әсер етуінің салдары болып табылады; ол тікелей орнында немесе кешіктіріліп, 6-8 сағаттан кейін пайда болуы мүмкін.
Ыстық және күннің өтуінің жиі кездесетін белгілері:
— бастың айналуы;
— қатты бас ауруы;
— кейде жүрек айнуы және құсу;
— көздің қараңғылануы;
— кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету;
— жылдам пульс;
— ентігу.
Ыстықтың және күннің өтуінің алдын алу шаралары:
— Далада болуды шектеу, физикалық белсенділікті азайту қажет.
— Үй-жайларда болған кезде оларды желдетуді қамтамасыз ету қажет — форточкаларды, терезелерді ашу, желдеткіштерді немесе кондиционерлерді пайдалану.
— Көшеге шыққан кезде табиғи маталардан (мақта, зығыр) ашық түсті жеңіл киім кию ұсынылады, киім жағасының тығыз болмағаны жөн. Күйіп қалмас үшін дененің үлкен бөліктерін 15-30 минуттан артық ашуға болмайды.
— Көшеде міндетті түрде бас киімді (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.), күннен қорғайтын көзілдіріктерді, қолшатырларды пайдалану қажет.
— Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады. Алкогольді ішуге қатаң түрде болмайды.
— Ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктемеу керек, сондықтан ыстық ауа-райында кішкене бөліктерге бөліп мөлшерлі түрде жеңіл тамақ ішу керек.
— Күні бойы мүмкіндігінше душ қабылдау немесе дененің бөліктерін салқын дымқыл майлықтармен, дымқыл сүлгімен сүрту ұсынылады.
— Жеке және қоғамдық көліктердегі сапарларды шектеу керек немесе оларды таңертең немесе кешке, жылу азайған кезде жоспарлау керек.
— Егер сіз автокөлікпен сапар шегуіңіз керек болса, онда автомобильдің интерьері өте ыстық екенін ескеріңіз, сондықтан шуақты күнде ашық тұрған көлікке отырмас бұрын алдымен барлық есіктерді ашыңыз немесе желдету үшін әйнектерді түсіріңіз. Ол үшін шамамен 3-4 минут жеткілікті.
Есіңізде болсын, қарттар мен балалар әсіресе күннің және ыстықтың өтуіне ұшырағыш келеді, өйткені олардың терморегуляция жүйесі жетілмеген. Жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболикалық бұзылулар, эндокриндік аурулары бар адамдар үшін де қауіпті.
Күннің немесе ыстықтың өткен алғашқы белгілері кезінде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек!
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ресми интернет-ресурсы)