Ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталды. Ағымдағы жылы берілетін гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз немесе бір реттік жиынтық төлемді төлейтін жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте үміткер бірқатар әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек екен. Мәселен, грант аламын деген үміткер жасы 29 жасқа толмаған, аз қамтылған отбасы мүшесі, яғни АӘК алушылар қатарынан болуы тиіс. Сонымен қатар, көпбалалы отбасы-көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар немесе қандастар, қоныс аударушылар, жәрдемақы алатын мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды (мүгедектер) немесе асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар болуы тиіс.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2022 жылға 1 225 200 теңгені құрайды) өтеусіз және қайтарымсыз негізде бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Ұлттық жобаға қатысушыларға бір рет беріледі деп күтілуде. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу үшін өтініш беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының ішкі жүйесі болып табылатын business.enbek-кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталында өтінім беруі керек. Ал, грант алу үшін міндетті шарттар қатарына «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы (3 жыл ішінде сертификатты алған күннен бастап есептеледі), үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы және комиссияның оң шешімі болуы қажет. Барлық сұрақт ар бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.